Мәскеуде дауыл ойран салды

Ресейдің Мәскеу қаласында нөсер жауын мен қатты жел ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан ағаштар құлап, 20-дан астам көлік қирап қалды. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетті. Қазір шаһарда  қауіптіліктің сарғылт деңгейі жарияланды. Коммуналды қызмет табиғи апат салдарын жоюға кірісті. Жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.