Мексикаға «Грейс» дауылы жақындап келеді

Кариб теңізінде ойран салған «Грейс» атты дауыл Мексикаға жақындап келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай аймақтағы Кинтана-Роо штатының бірнеше курортты жерінде қауіптіліктің «сарғылт» деңгейі жарияланды. Қонақ үйлерде тұрақтаған ондаған мейман уақытша баспанаға эвакуацияланды. Билік өкілдері жергілікті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.

Карлос Хоакин, Кинтана-Роо штатының губернаторы:

- Дауыл шығыс жағалаудан 475 шақырым жерде. Алдын ала болжам бойынша дауыл Тулум муниципалитетінде мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан ол жердегі барлық адамдар эвакуацияланды.