Австралияда бір күнде ковид жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Австралияда коронавирусты бір күнде жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша ковидпен 754 адам ауырған. Науқастар әсіресе, елдің ең ірі қаласы Сиднейде көп. Қазір бұл шаһар локдаунда. Штат билігінің мәлімдеуінше, қатаң шектеулер аймақ тұрғындарының 70%-тен астамы вакцина салдырған кезде ғана алынбақ.

Глэдис Береджиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері:

- Кеше ғана 110 мың адам вакцина салдырды. Бұл керемет нәтиже. Сонда бүгінге дейін штат тұрғындарының 50%-тен астамы бірінші дозаны алды. Ал 30%-тейі толық вакцина қабылдады. Барлығын екпе салдыруға шақырамын.