423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2200-ге жетті

  • 447
  • UPD: 15:24, 19.08.2021
Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2200-ге жетті

Гаитиде зілзалдан қаза тапқандар саны 2200-ге жуықтады.

Бұл туралы осы елдің азаматтық қорғаныс басқармасы хабарлап отыр. Тағы шамамен 12 мың адам түрлі деңгейде жарақат алған. Құтқарушылар үйінділер астында тағы адамдар бар екенін айтады. Қазір апат орнында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Аймақтағы ауруханаларда бос орын жоқ. Науқастар дәлізде ем қабылдауға мәжбүр.

Естеріңізге салайық, таяуда болған 7,2 балдық жер сілкінісінен 100 мыңға жуық ғимарат жермен-жексен болды. Өңірде болған жағдайға байланысты әлемнің бірнеше елі көмек қолын созып жатыр.

Жергілікті тұрғын:

- Өте өкінішті. Екі жасар балам ауыр жарақат алды. Үйдің қабырғасы баламның аяғына құлаған. Өлім аузынан аман қалды. Дәрігерлер аяғынан айырылады деген. Абырой болғанда, балам дер кезінде Порт-о-Пренске тікұшақпен жеткізілді. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы