425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кабул әуежайында адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр

  • 207
  • UPD: 18:37, 19.08.2021

Батыс елдері Кабулдағы әуежай арқылы адамдарды эвакуациялауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы ақпарға қарағанда АҚШ тамыздың 14-нен бері ауған жерінен дипломаттар, арнайы қызмет пен гуманитарллық ұйым өкілдері және жергілікті азаматтарды қоса есептегенде 6 мыңдай адамды көшірген. Ал Ұлыбритания 2 мыңнан аса азаматын эвакуациялаған. Францияға кейінгі бір күнде Ауғанстаннан 200, Испанияға 50 адам жеткізілген. Кабул әуежайы арқылы өз азаматтары мен саяси баспана сұрағандарды көшіру операциясын Австралия, Польша, Нидерланд сынды өзге де ондаған ел жүзеге асырып жатыр. Ресми Лондон Ауғанстаннан 20 мың босқынды қабылдауды жоспарлап отырғанын және ортақ іске 394 миллион доллар бөлетінін жеткізді. Ал тәліптер қозғалысы халыққа әуежайға қарай қашуды тоқтатып, ондағы тұрғындарды үйге оралуға үндеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы