425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пәкістанда жойқын жарылыстан 50 адам жарақат алды

  • 188
  • UPD: 08:19, 20.08.2021
Пәкістанда жойқын жарылыстан 50 адам жарақат алды Anadolu Agency

Пәкістанның Пенджаб провинциясында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиғадан үш адам мерт болды. Тағы 50-ден астам тұрғын түрлі жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыс шиіттердің діни рәсімі кезінде ұйымдастырылды. Жергілікті билік Ашура мерекесін тойлау кезінде аймақтағы ұялы байланысты өшіріп тастаған еді. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Тергеу ісі жалғасып жатыр. Жергілікті билік елдің өзге де өңірлерінде қауіпсіздікті күшейте бастады. Ал шиіттер жарылысты ұйымдастырғандарды жазалау керек деп ереуілдетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы