Куба билігі әлеуметтік желілерде наразылық білдіруге тыйым салды

Кубада әлеуметтік желілердегі бақылау күшейтіледі. Енді онда елдің абыройына нұқсан келтіретін хабарламаларға тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі мұнда мобильді интернет небәрі 2 жыл бұрын ғана пайда болған. Соңғы уақытта тұрғындардың әлеуметтік желілерде наразылығын білдіріп, олардың көмегімен ереуіл ұйымдастыру оқиғалары жиілеп кеткен. Алайда енді осындай жағдайлар қайталанатын болса, азаматтар киберлаңкестер қатарына жатқызылады. Заңға сәйкес, провайдерлер олардың интернетті қолдану мүмкінідігін шектей алады. Бірақ биліктің бастамасы тұрғындардың көңілінен шықпады. Шетелдік құқық қорғаушылар да бұл заңды сынға алып отыр.

Элой Виера, заңгер:

– Мұндай механизмдер арқылы тұрғындардың аузын жабу мүмкін емес. Қанша адам болса, сонша пікір бар демекші, енді билік әркімді аңдып отыра ма? Халыққа өз ойын білдіруге тыйым салу – ақылға қонымсыз нәрсе.