Ever Given тағы да Суэц каналы арқылы өтпек

Биыл көктемде Суэц каналында қайраңға тұрып қалған Ever Given атты ірі жүк кемесі бүгін сол жолмен қайта өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кемемен жол бойы екі сүйреуші буксир жүрмек.

Естеріңізге салайық, ұзындығы 400 метр болатын алып кеме наурыздың 23-і күні тұрып қалып, салдарынан кептеліс болған еді. Оны қайраңнан шығару операциясына 6 күндей уақыт кетті. Құтқарушылар 27 000 текше метр құмды қазып, канал арнасын кеңейткен. 

Айта кетейік, Суэц каналы – әлемдегі  ең маңызды сауда жолдарының бірі. Ол арқылы Таяу Шығыстан Еуропа мен АҚШ-қа мұнай жеткізіледі.