Сарапшы: Кремль «Талибаннан» келер қауіп аз деп есептейді

Ресей Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысының билігін ресми түрде мойындай алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі тәліптер Біріккен Ұлттар Ұйымының террористік ұйымдар қатарында. Ресейлік сарапшылар сондықтан «Талибанды» лаңкестік топтар тізімінен алмай, Кремль қанша жерден олардың ресми өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып, түрлі келіссөздер жүргізсе де, тәліптердің билігін ресми тани алмайды деп есептейді.

Франц Клинцевич, РФ Қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі комитетінің төраға орынбасары:

– Мен мұны өте дұрыс деп есептеймін, себебі «Талибан» билікке қол жеткізді. Олар Сыртқы істер министрлігіне жайдан жай келген жоқ. Тәліптер Орталық Азия республикаларына ешқандай талап-арызымыз жоқ деді. Бұл – біз үшін өте маңызды ұстаным.

Иван Клыщ, халықаралық істер бойынша сарапшы:

– Менің ойымша, Мәскеу «Талибаннан» келер қауіп аз деп есептейді. Оның үстіне олар Орталық Азия елдерінің шекарасын кесіп өтпеуге уәде берді. Ресей әзірге ынтымақтастыққа бағытталған көзқарасты ұстанып отыр.

Сондай-ақ...