423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда отбасылар үш бала тууға құқылы

  • 116
  • UPD: 11:55, 20.08.2021
Қытайда отбасылар үш бала тууға құқылы

Қытайда отбасын жоспарлау және бала туу саясаты қайта қарастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа заңға сәйкес ерлі-зайыптылар 3 бала тууға құқылы. Құжатты Қытай парламентінің тұрақты комитеті мақұлдап отыр. Заңда отбасына қолдау көрсету шаралары қарастырылған. Оған қаржылай көмек, салық механизмінде және білім беру саласындағы жеңілдіктер мен тұрғын үй және еңбекпен қамту мәселелері жатады. Осылайша билік бала тәрбиесіндегі қиыншылықты ата-аналардың ғана мойнына жүктемеуді жөн көріп отыр. Үкіметтің бұл шешіміне 7-рет өткен халық санағының нәтижесі түрткі болды. Оған сәйкес Қытайда егде жастағы тұрғындардың саны артып , бала туу көрсеткіші төмендегені анықталды.

Хабар 24 телеарнасы