Мексикада бір күнде 29 мыңға жуық адам індетке шалдыққан

Мексикада коронавирусты бір күнде жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша, 29 мыңға жуық адам індетке шалдыққан. Сондай-ақ бір күнде аталған аурудан 900-ден астам тұрғын көз жұмған. Бұл – ақпан айынан бергі ең көп өлім-жітім деңгейі. Бірақ сарапшылар аталған цифрлар өте қатты төмендетіліп көрсетілген, науқастардың негізгі саны кемінде 60 процентке артық болуы мүмкін деп есептейді. Себебі ауруханалардың көбінде қазір мүлде орын жоқ.

Сиднейде локдаун қыркүйек айының аяғына дейін ұзартылды. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, аталған мерзімде коменданттық сағат күшінде болады және көшеде бетпердемен жүру міндеттеледі. Алайда тұрғындарға спортпен айналысу үшін далаға 1 сағатқа шығуға рұқсат берілді. Сарапшылардың айтуынша, 5 миллионнан астам тұрғыны бар Сиднейде қазір күн сайын 600-ден астам науқас тіркелуде.