425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҰҰ тәліптермен келіссөз жүргізуге дайын

  • 267
  • UPD: 17:19, 20.08.2021

Біріккен Ұлттар Ұйымы «Талибанмен» келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы аталған ұйымның Бас хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол халықаралық қауымдастық ауған халқын қолдайды және қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін елде қалуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ ұйым миссиясының мандаты өзгеруі мүмкін. Істің бағыты Ауғанстандағы жағдайға байланысты болмақ.

Ақшантониу Гуттериш, БҰҰ Бас хатшысы:

– Кіммен және қандай мақсатпен сөйлесу керектігі анықталған соң тәліптермен жеке сөйлесуге дайынмын. Алдыңғыгүні, кеше мен Катардың премьер-министрінің орынбасарымен және сыртқы істер министрімен сөйлестім. Біз Катардың бастамасын қолдаймыз. Ауғанстанда бірлескен үкімет құрылады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы