425,79 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Гаитиге гуманитарлық көмектің жеткізілуі тежеліп тұр

  • 104
  • UPD: 22:13, 20.08.2021
Гаитиге гуманитарлық көмектің жеткізілуі тежеліп тұр

Зілзаладан зардап шеккен Гаитиде гумантиралық көмектің жеткізілуі қиындап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бір жағынан ауа райының қолайсыздығы себеп. Өйткені жер сілкінісі аздай, мұнда тропикалық дауыл ойран салған. Салдарынан өңірді су басты. Осыған дейін гумантиралық көмектің жеткізілуіне қарақшылардың кесірі тиген еді. Олар жапа шеккен аймаққа жүк әкеле жатқандарға шабуыл жасайтын. Көліктердің ары қарай өтуі үшін ақша сұрайтын. Алайда билікпен келіссөз нәтижесінде қарулы топ өкілдері шабуылдарын уақытша тоқтатуға келісті. Табиғат апатынан кейін ел есін жия алмай жатқанда жағдайды қарақшылар өз мүддесіне пайдаланған. Осы кезде ондаған қылмыскер түрмеден қашып кетті.

Еске салайық, өткен аптаның соңында Гаитиде 7,2 балдық жер сілкінісі болған еді. Соңғы мәлімет бойынша 2200-ге жуық адам көз жұмып, 12 мыңнан астамы жараланды. 100 мыңнан аса ғимарат жермен-жексен болған не жартылай қираған.

Пьер Оннора, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі:

- Біз қазір әр отбасына 50 келі азық-түліктен таратып жатырмыз. Егер үйінде 5 адам болса, бұл бір айға жету керек. Бірақ десе де, жапа шеккен азаматтарға қосымша көмек қажет.

Хабар 24 телеарнасы