АҚШ-та жастар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді

АҚШ-та жасы 50-ге толмағандар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар мұндай науқастардың саны рекордтық көрсеткішке жеткенін айтады. Арасында әсіресе, 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар көп. Олардың дені вакцина салдырмағандар.

Айта кеткен жөн, елде қазір эпидемиологиялых ахуал ушығып тұр. Кейінгі тәулікте әлемде 720 мыңнан аса адам дерт жұқтырса, соның 154 мыңы осы АҚШ-та тіркелген.