Францияда сөндірілмеген темекі тұқылынан 7 мың гектар аумақ өртеніп кетті

Францияның оңтүстігіндегі алапат орман өртіне сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды. Айта кеткен жөн, Вар департаментіндегі тілсіз жау бірнеше күн бұрын басталған. 2 адам көз жұмып, 30-ға жуығы жарақат алды. От 7 мың гектардан аса алқапты тып-типыл етті. Осы Вар департаментінде Франция президентінің жазғы резиденциясы орналасқан. Мемлекет басшысы өңірге барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтқан.

Флоран Доссетти, өрт сөндіру қызметінің өкілі:

- Отты сөндіруге 1200 маман тартылған. 7100 гектардан аса аумақ өртеніп кетті. Вар департаментіндегі тілсіз жау Францияның оңтүстігіндегі ең алапат 5 өрттің біріне айналды.