Португалияда өрт бұғылар мекен ететін қорыққа жетті

Португалияда да оңтүстік өңірлерде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

От бұғылар мекен ететін ұлттық саябақ аумағына жетті. Қызметкерлер жануарларды қауіпсіз жерге айдап әкеткен. Тілсіз жауды сөндіруге күннің ыстығы кедергі етіп отыр. Ол аздай, қазір аймақта қатты жел соғып тұр. Бұл да оттың тез таралуына қолайлы жағдай жасайды.