Малайзияда екпе алғандар үшін шектеу шаралары жеңілдетілді

Малайзияның біраз өңірінде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар үшін кейбір шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпенің екі дозасын да қабылдаған азаматтар енді мейрамхана мен дәмханаларға бара алады. Спортпен айналысуға да рұқсат етіледі. 32 миллионға жуық тұрғыны бар Малайзияда халықтың жартысынан астамы вакцинаның кемі бір компонентін салдырған. Бірақ әзірге елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр. Кейінгі тәулікте 23 мыңнан аса адамнан вирус анықталды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Сондықтан билік жұмыс істеуіне рұқсат берсе де, тамақтану орындарының иелері бұған қуанып жатқан жоқ.

Чин Рен, мейрамхана иесі:

– Меніңше билік тамақтану орындарының жұмысына рұқсат беріп асыққан сияқты. Өйткені ондай шешім қабылдау үшін вакцина алғандардың үлесі 70 проценттен кем болмай керек. Ол көрсеткішке қыркйүекте ғана қол жеткізе аламыз деп ойлған едік. Мынадай жағдайда тек клиенттер ғана емес, мейрамхана қызметкерлері үшін де жұмыс істеу қауіпті болуы мүмкін.