«Дождь» телеарнасы Ресей билігінің шешіміне шағым түсірмек

«Дождь» телеарнасы Ресей билігінің оны шетелдік агент тізіміне енгізу шешімімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсіруге ниетті екенін хабарлады.

Телеарнаның бас редакторы Тихон Дзядконың мәлімдеуінше, телеарна қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді. Келесі аптаға арнаның көрсетілімі, жоспарланып белгіленіп қойылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей билігі шетелдік агент тізіміне «Медуза» интернет басылымы мен оппозиционер Алексей Навальныйдың сыбайлас-жемқорлықпен күрес жөніндегі қорын кіргізген болатын.