Еуроодақта 250 млн адам вакциналанды

Еуропалық одақта коронавирусқа қарсы толық вакциналанған адамдардың саны 250 миллионға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – одақ халқының 56 проценті. Ендігі мақсат – Еуроодақтағы егде адамдардың 70 процентіне екпе салу. Және қауымдастық вакциналау коронавирустың жаңа штамдарына қарсы ең тиімді құрал деп қарастыратынын хабарлады. Бұл істе одақ елдеріне жан жақты қолдау көрсетіле бермек.