Ресей шетелдік студенттерге оқуын жалғастыру үшін келуге рұқсат бермек

Бұл туралы осы елдің ғылым және білім министрлігі мәлімдеді.

Ақпарға қарағанда қазір жергілікті билік шетелдік студенттердің елге кіруі бойынша ережені дайындап, құжатты жуық арада бекітуді көздеп отыр. Министрлік онда студенттердің жатақханаға орналасып, оқуын қалыпты түрде жалғастыруы қарастырылғанын айтады. Ұсынысқа осы едің коронавируспен күрес жөніндегі оперативтік штабы қолдау білдірген.