COVID-19: Израильде жансақтау бөлімдері науқастарға толы

Бірнеше ай бұрын біз Израильдегі аурухананың бірінде коронавируспен ауырғандарды емдейтін бөлім жабылғанын хабарлаған едік. Ол кезде жергілікті мамандар індетті жеңгендей болғанын айтып қуанған еді. Ал қазір дәл сол ауруханада коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін орын қайта ашылып, бөлім науқастарға толған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көркем фильмдерде мұндай жағдайды бірнеше ай бұрын деп әсерлеп баяндайды. Мынау биыл сәуір айында Рамат-Ган қаласындағы Шиба ауруханасында түсірілген бейнежазба. Сол кезде ауруханадағы коронавирусты жұқтырғандарды емдейтін соңғы бөлім жабылып, жансақтау бөлімінің қызметкері Михаил Нелюбов ауыр кезеңдерден кейін демалыс туғанын айтып қуанған еді.

Михаил Нелюбов, жансақтау бөлімінің қызметкері:

– Індеттің алғашқы толқыны кезінде біздің жансақтау бөлімінде 25 науқас болды. Бұл әдеттегіден бірнеше есе көп. Бір уақытта мұншама көп науқасты емдеу өте қиын болды.

Ал мынау кеше түсірілген бейнежазба. Дәрігер Идо қайтадан зарарсыздандырылған қорғаныш киімдерін киіп жатыр. Және денесіне маркермен аты жөнін жазуға мәжбүр. Себебі оның кім екенін ажырату қиын. Жансақтау бөлімі науқастарға толған.

Михаил Нелюбов, жансақтау бөлімінің қызметкері:

– Жансақтау бөліміне түсіп жатқан науқастар саны күн сайын артып келеді. Вирусты жұқтырмағандарды дертке шалдыққандардан бөліп емдеп жатырмыз. Осыған байланысты аурухана қызмткерлері екіге бөлініп, бұл көп ауыртпалық тудырып отыр.

Коронавируспен ауырғандар бөліміне кіру қатаң. Қос шынымен бөлінген дәліздің ар жағында ғарышкерлер сияқты киінген адамдарды байқауға болады. Ауыр науқастарды емдейтін орынды аквариум деп атайды.

Науқастар саны артып, ауруханада жүздеген орын дайындалып жатыр. Дәрігерлер індеттің қайта өршуі барлық шектеулерді бірден алып тастаудан деп отыр.

Михаил Нелюбов, жансақтау бөлімінің қызметкері:

– Індеттің беті біршама қайтқан соң адамдар босаңсып кетті. Бетпердені тағып әлеуметтік қашықтық сақталмады. Барлығы бірдей егілмеді. Қазір үшінші дозаны салып жатыр. Біреу қорқып, енді бірі бас тартып жатыр. Бірақ бұл жаппай аурудан қорғайтын жалғыз жол екенін түсіну керек.

Билік те халықты коронавирусқа қарсы үшінші дозаны алуға шақырып жатыр. Әзірге ревакцинация жасы 40-тан асқан адамдарға рұқсат етілген. Мамандар бұл дерттің ауыр түрінен қорғап, ұжымдық иммуниет қалыптастыруға көмектесетінін айтады.

Дәурен Ақашұлы, Сергей Ауслендер