Мексикаға «Грейс» дауылы жақындады

Кариб теңізінің бойындағы елдерді басып өткен «Грейс» дауылы Мексикаға жақындады. Болжамға қарағанда Мексика шығанағында желдің екпіні күшейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер дауыл жағаға жеткенде 80 шақырым жылдамдықпен соғып, қалың жауын жауатынын айтады. Теңізде 6 метрлік толқындар тұруы мүмкін. Осыған байланысты Веракрус штатының кей өңірлерінде қауіптіліктң қызыл түсі жарияланып, көлік қатынасы тоқтады. Табиғат апатымен күреске қазір 5 мыңнан аса әскери мен полицей әзір тұр.

Бенито Ольмедо, тұрғын:

- Бізге дауылдың күшті болатыны ескертілді. Өзімізбен бірге құжаттарымызды алып, үйден қауіпсіз жерге шығу жайы айтылды. Қазір шама келгенше осы сақтық шараларына мән беріп жатырмыз.