Ever Given Суэц каналымен қайта жүріп өтті

Көктемде Мысырдағы Суэц каналында қайырлап қалған «Эвер гивен» жүк кемесі сол жолмен қайта жүзіп өтті. Оқыс жағдай туындамас үшін оған жүк жартылай ғана тиелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, 400 метрлік жүк кемесі биыл наурыз айында дәл осы Суэц каналын жауып тастап еді. Салдарынан жүздеген кеме жүзе алмай, кептеліс пайда болған. Сарапшылардың есебінше алты күнге созылған бұл жағдай әлем экономикасына 200 миллиард доллар шығын әкелген.