Жерорта теңізіндегі аралдың бірінде өрт шықты

Түркияда Ақтеңіз бен Егей аймағындағы өрттен кейін Ыстамбұлдағы орман отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы елдегі тілшіміз Меруерт Қанағаттың айтуынша, өрт Жерорта теңізінде орналасқан аралдың бірінде шыққан. Қазір бір тікұшақ пен ондаған өрт сөндіру тобы жұмылдырылған. Адам шығыны жоқ. Дегенмен Хейбели аралы шаһарға ондаған шақырым қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ ауа райы да қолайсыз. Естеріңізге сала кетейік, 28 шілдеден бері Түрік елі алапат орман өрті, оған қоса су тасқынымен арпалысып жатыр.

Сондай-ақ...