423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кабул: әуежай маңындағы ахуал

  • 222
  • UPD: 23:09, 21.08.2021

Қазір Кабул әуежайының маңына мыңдаған адам жиналған. Тәліптерден қашып, бас сауғалаған халық әуежай ішіне кіруге талпынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәліптер әуежайға барар жолда бақылау-тексеру бекеттерін орнатып, жергілікті тұрғындарды өткізбей тұр. Өзге елдердің елшіліктері мен басқа да ұйымдарда жұмыс істеген азаматтардың да әуежайға кіруі қиындап кеткен. Кей ақпарат көздері тіпті тәліптер шаһарда шет мемлекеттерге қызмет еткен азаматтар мен күштік құрылымдардың бұрынғы қызметкерлерін іздеп жасырын жазалауға кіріскенін жазған. 

Хабар 24 телеарнасы