423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мексикада «Грейс» дауылынан сегіз адам көз жұмды

  • 145
  • UPD: 14:58, 22.08.2021
Мексикада «Грейс» дауылынан сегіз адам көз жұмды фото: tengrinews.kz

Мексикада «Грейс» дауылынан 8 адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей жел елдің Веракрус аймағын ойрандап, 300 мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды. Қазір дауылдың екпіні азайды. Бірақ одан кейін жауған жаңбырдан мекендерді су басу қаупі күшейген. Табиғат апатының салдарымен мыңнан аса адам күресіп жатыр.

Норма Санчес, тұрғын:

- Дауыл соққан елді мекендерді тас-талқан етіп, коронавирустан қалжыраған халыққа одан бетер соққы болып тиді. Билік жапа шеккен жандарға шұғыл түрде көмек көрсетуі тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы