АҚШ-тың Теннесси штатында су тасқынынан сегіз адам опат болды

АҚШ-тың Теннесси штатында толассыз жауған жауыннан су тасқыны жүріп 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Опат болғандардың арасында екі бала бар. 30-дан аса тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Жауынның шелектеп құйғаны соншалық, кей қалалардағы көшелер өзенге айналды. Бірнеше көпірді су шайып кеткен. Халықты ауыз су және электр энергиясымен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады. Табиғат апатына байланысты Теннесси штатында төтенше жағдай жарияланды. Билік тұрғындарды барынша абай болуға шақырып жатыр.  

Кейси, тұрғын:

- Жаңбыр түні бойы жауып, таңға жуық тасқын басталды. Үйіміз суға тез толып, одан сақтану үшін шатырға шығуымызға тура келді.

Сондай-ақ...