Боливияда өрт 55 мың гектар орманды күлге айналдырды

Боливияның Санта-Крус аймағында сәрсенбі күннен жалғасып келе жатқан орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаулаған жалын 55 мың гектар алқапты күлге айналдырды. Жалпы өңірде 15 өрт ошағы тіркелген. Үкімет тілсіз жаудың қорықтарға жетіп, ондағы жан-жануарға қауіп төндіріп жатқанын айтады.

Каролина Бальиван, эколог:

- Соңғы бірнше жылда Боливия үкіметі орман өртіне байланысты көп сынға ұшырады. Себебі билік олардың орнына ағаш егіп, орманды алқаптарды қалпына келтірудің орнына ауылшаруашылық мақсатында пайдалануды жөн көреді. Себебі одан пайда көп.

Сондай-ақ...