Кремль Талибанды мойындаған жоқ

Ресей Ауғанстандағы Талибан қозғалысының билігін ресми түрде мойындай алмады.

Себебі тәліптер Біріккен Ұлттар Ұйымының террористік ұйымдар қатарында. Осы ретте ресейлік сарапшылар халықаралық ұйым Талибанды лаңкестік топтар тізімінен алмай, Кремль тәліптердің билігін ресми тани алмайды деп есептейді.

Еске сала кетейік бұған дейін Ресей тарапы тәліптердің серкелерімен кездесулер ұйымдастырып, түрлі келіссөздер жүргізген еді.