Британия 20 мың ауған босқынын қабылдайды

Ұлыбритания босқындарды қабылдаудың жаңа бағдарламасы аясында бірінші жылы 5 мың ауған азаматын елге кіргізетінін жеткізді.

Бұл орайда қыз-келіншектерге басымдық берілетіні айтылды. Ал оппозициялық Еңбек партиясының мүшелері Ауғанстаннан келетін босқындар санын шектемеуге шақырып, парламент ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізді. Ел билігі бұл бағдарлама ұзақ мерзімді перспективада 20 мың адамға көмек көрсетуге бағытталғанын айтты. Яғни біріккен корольдік болашақта осынша босқынды қабылдайды.