424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та тасқыннан 22 адам қаза тапты

  • 101
  • UPD: 07:31, 23.08.2021
АҚШ-та тасқыннан 22 адам қаза тапты EADaily

АҚШ-тың Теннесси штатында алапат су тасқыны тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, апаттан қаза тапқандар саны 22-ге жеткен. Тағы 40-қа жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қазір құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тасқыннан аймақтағы байланыс желісі үзіліп, жолдар, көліктер мен ғимараттар қирап қалған. Мамандар жиналған судың ағыны өте қатты болғанын және жоғалғандардың көбін су шайып кеткенін айтады. Жергілікті билік апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі дейді. Қазір мамандар тасқыннан келген шығын мөлшерін есептеуге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы