423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ Кабулдан 17 мың адамды эвакуациялады

  • 211
  • UPD: 09:17, 23.08.2021

АҚШ Кабул әуежайы арқылы осы уақытқа дейін 17 мыңнан аса адамды эвакуациялаған, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың 2,5 мыңы америкалық.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілі Джон Кирби мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір әуежай маңындағы ахуал өте күрделі. Осыған байланысты Кабулдағы АҚШ азаматтарына әуе айлағына уақытша келмеу ескертілген. Жалпы, Пентагон таратқан ақпаратқа сай, қазір ауған жерінде 15 мыңдай америкалық бар.

Джон Кирби, АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Кабулда жағдай тұрақсыз. Әуежай маңындағы ахуал сағат сайын өзгереді. Оған өздеріңіз де куәсіздер. Әскерилер адамдардың қауіпсіздігі үшін барлық шараны қабылдауға күш салып жатыр. Қажеттілікке қарай қауіпсіздік мәселесіне өзгерістер енгізіліп тұратын болады.

Хабар 24 телеарнасы