«Генри» дауылы: 21 млн америкалық әлі де қауіпті аймақта қалып отыр

АҚШ-тың шығыс бөлігінде «Генри» тропикалық дауылының екпіні сағатына 120 шақырымнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірнеше елді мекенді су басып, мыңдаған үйге залал келді. Қайтыс болғандар мен іс-түзсіз кеткендердің саны анықталуда. Елдің Дауылдарды бақылау ұлттық орталығының мәліметінше, 21 миллион америкалық әлі де қауіпті аймақта қалып отыр. «Әсіресе Нью-Йорк және Коннектикут штаттарының тұрғындары төтенше жағдайға дайын болуы керек», – дейді синоптиктер.

Айта кетейік, Атлант мұхитындағы тропикалық дауыл қазіргі таңда солтүтік-шығыс штаттарға бағыт алды.

Тед Провенчер, Род Айланд тұрғыны:

– Дауылға дайындалып жатырмын. Барлық электр қуатын және суды сөндіріп тастадым. Даладағы жиһаздарды үйге кіргізіп, жағалаудағы қайықтарды қауіпсіз жерге көшірдім. Дауыл біздің аймақты айналып өтпесі анық, сол үшін барлығына дайын болу керек.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Су басу салдарынан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл барлығымыз үшін үлкен трагедия болып отыр. Көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге дайынбыз. Бұл дауыл көптеген адамға қауіп төндіріп тұр. Және біз дауылдан зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсетуді бастаймыз.