Ливанның Орталық банкі мұнай өнімдерін сатып алуға қаржы бөлді

Ливанда жанар-жағармай дағдарысы жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ливанның Орталық банкі оның бағасын қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін мұнай өнімдерін сатып алуға қосымша 225 миллион доллар бөлді. Қаржы 2022 жылғы бюджет есебінен алынбақ.

Еске сала кетейік, Ливан орталық банкі бұған дейін бензин, мазут және газды сатып алуды субсидиялауды тоқтатып, елде жанармай дағдарысы туындаған еді. Себебі жанармай ипорттаушы компаниялар оны сатудан бас тартқан. Салдарынан жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды.