Грекиядағы үңгірде экскурсияны құлтемір жүргізеді

Грекияның солтүстігіндегі Алистрати үңгірінде саяхатшыларға экскурсияны робот жүргізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құлтемір тау жыныстары туралы 33 тілде баяндап, 3 тілде сұрақтарға жауап беріп тілдесе алады. Ол саяхатшыларды үңгір ішінде 150 метрге дейін алып жүреді. Қалған 750 метр аралыққа экскурсияны әдеттегі гид жүргізеді.

Роботты жасап шығаруға 139 мың доллар кеткен. Құлтемір гид жұмыс істей бастағалы үңгірді көруші туристер саны 70 процентке артқан

Патрик Маркес, саяхатшы:

– Құлтемір маған керемет әсер қалдырды. Мұндайды алғаш рет көруім. Жалпы өз басым экскурсияны тірі гид жүргізгенін қаласам да, мына құлтемірдің баяндау жылдамдығы көңілімнен шықты. Өйткені үңгірдің ішін асықпай қарап үлгересің.