Жаңа Зеландияда карантин мерзімі ұзартылды

Жаңа Зеландияда карантин мерзімі ұзартылды

Жаңа Зеландия билігі аймақтағы жалпыұлттық карантин мерзімін тағы ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу шаралары жұмаға дейін өз күшінде қалмақ. Үкіметтің бұл шешіміне аймақтағы эпидахуалдың ушығуы себеп. Қазір мамандар елде вирустың «дельта» штамы жиі тіркеле бастады деп дабыл қағады. Мәселен, індеттің бұл түрі бір аптаның ішінде 107 науқастан анықталған. Енді олармен байланыста болғандардың барлығы тексеріліп жатыр.