Ақтөбеде бір тәулікте 382 адам короновирус жұқтырды

Ақтөбеде соңғы тәулікте қатерлі дерт жұқтырғандар саны кешегі күнмен салыстырғанда азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тамыздың 21-інде 417 адамның сырқат екендігі анықталса, кеше 382 науқас тіркелді. Алайда мамандар қауіптің беті қайтты деуден аулақ. Себебі дәрігерлердің бақылауында 1 316 адам ем қабылдап жатса, оның 107-і жансақтау бөлімінде. Арасында балалар да бар.

Руслан Қамбаров, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Ауыр күйде реанимация бөліміне жеткізілетіндер саны азаймай отырғандығы қынжылтады. Бірақ олардың ішінде вакцинаның екі компонентін де салдырған науқасты кездестірмейміз. Себебі екпе жасатқандар короновирусқа шалдықса да, сырқаты жеңіл түрде өтетіндігін байқадық.