Хошиминде қатаң локдаун енгізілді

Вьетнамның Хошимин қаласында бүгіннен бастап қатаң локдаун енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу шарасы 2 аптаға жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындардың үйден шығуына тыйым салынады. Тек азық-түлік пен медициналық көмек алуға ғана рұқсат. Ереженің сақталуын полицейлер мен әскерилер қадағалайды.

Айта кетейік, Хошимин – Вьетнамның ең ірі қалаларының бірі. 9 миллионнан астам тұрғыны бар шаһарда бүгінге дейін 340 мың адам коронавирус жұқтырған.