423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Грузияда ковидтен өлім-жітім артты

  • 87
  • UPD: 11:29, 24.08.2021

Грузия 100 мың адамға шаққанда коронавирустан өлім-жітім мен індеттің таралу көрсеткіші бойынша әлем елдері ішінде бірінші орында тұрған ел.

Қазір Грузияда күн сайын 60-тан астам адам қаза табады. Өткен аптада бұл көрсеткіш 74 адам болған. Мұндай рекорд пандемия басталғалы тіркелмеген еді. Тамыз айының өзінде Грузияда 1011 адам коронавирустың құрбаны болды. Індет пандемия басталғалы 6 мың 831 грузиялықтың өмірін жалмады. Дәрігерлердің жұмысы қауырт. Ауруханаларда орын тапшылығы байқалады. Осыған орай жергілікті билік 3 дала госпиталін ашқан. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бар күшін вакцинация науқанына сарп етуде. Тіпті шалғайдағы ауылдарда мобильді зертханалар да ашылып жатыр. 

Екатерина Тикарадзе, Грузияның денсаулық сақтау министрі:

- Бүгін біз Кахетия елді мекеніндеміз. Ауыл тұрғындарына екпе егу үшін ашылған мобильді амбулаторияның жұмысын бағалап жатырмыз. Кей тұрғындарға екпе егу орталыққа бару қиынға соғады. Негізі мобильді амбулаторияда қалаған вакцинаны таба аласыз. Аджария мен Тбилисидегі эпидахуал да мәз емес. Қазір аймақтағы ауруханалар науқастарға лық толы. 

Қазір елде вакцинаның екі дозасын ел тұрғындарының 10 проценті қабылдады. Десе де, жағдай әлі де оңалар емес. Енді эпидемиолог мамандар санитарлық талаптардың қатаңдатылуын талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы