425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әлемде мұнай бағасы қымбаттады

  • 175
  • UPD: 10:19, 24.08.2021
Әлемде мұнай бағасы қымбаттады

Әлемдік нарықта мұнай қымбаттады. Кеше ICE биржасында қазан айында жеткізілетін Брент маркалы мұнайдың баррелі 67 доллардан асты.

Осылайша 19 тамыздан бері алғаш рет 3,2 процентке көтерілді. Ал американдық WTI маркасы 64 доллардан сәл асты. Сарапшылар баға әлі де құбылады деп санайды.

Болжам бойынша төмендеуі мүмкін. Өйткені коронавирустың таралуына байланысты көптеген елде шектеу шаралары күшейіп жатыр. Әсіресе шикізатты көп алатын Қытайда карантин талапраты күшейген. Бұған қоса кейінгі аптада АҚШ-тың мұнай компаниялары бұрғы қоныдырғыларының санын көбейтіп, өндірісті тәулігіне 11,4 миллион баррельге көбейтті. Сондықтан трейдерлер сұраныс азаяды деген қауіппен қордағы мұнайынан құтылуға тырысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы