Польша Беларусьпен екі ортаға қабырға тұрғызады

Польша билігі Таяу Шығыстан ағылған мигрант нөпірін тоқтату үшін Беларусьпен шектесетін жерде 2,5 метрлік дуал тұрғызбақ. Бұл туралы осы елдің қорғаныс министрі Мариуш Блащак хабарлады.

Айтуынша, шекараны күзетуге тағы әскер тартыралтын болады.

Айта кетейік, қазір екі ел арасында 30-ға жуық заңсыз келімсек бар. Оларды Польша мен Беларусь шекарашылары өз аймағына өткізбей жатыр.