Израильде 12 жастан асқан оқушылар вакцина салдыра алады

Қыркүйектен бастап 12 жастан асқан израильдік оқушылар мектеп қабырғасында коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады. Бұл үшін ата-анасының рұқсаты болуы қажет.

Айта кетейін, елдегі вирус жұқтыру деректерінің өсуіне байланысты жаңа оқу жылын онлайн форматта өткізу туралы ұсыныстар жиі талқыға түскен-тін. Бірақ соған қарамастан 1 қыркүйектен бастап балалар сабақты мектепте оқитын болды. Өз кезегінде мектеп қызметкерлері жұмысқа кіру үшін вакцина алғанын растайтын сертификат немесе теріс нәтижелі тест анықтамасын ұсынулары қажет.

Сондай-ақ...