Теннесси штатындағы су тасқыны кезінде жоғалғандарды іздестіру жалғасуда

АҚШ-тың Теннесси штатында тасқыннан із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Мамандар үйінділер астынан 40-қа жуық адамды таппай әлек. Іздестіру шарасына  арнайы дайындалған иттер де жұмылдырылды.

Айта кетейік, табиғаттың тосын мінезінен 22 адам көз жұмған. Жергілікті билік мұндай тасқын соңғы 30 жылда алғаш рет болғанын айтады.