Тәліптер өзінің ата жауын елді бірлесіп басқаруға шақырып отыр

Ауғанстанда тәліптер 12 адамнан құралған кеңес құрмақ.

Кеңестің құрамында тәліптердің беделді өкілдері мен бұрынғы үкіметтің мүшелері болмақ. Сонымен қатар тәліптер жаңа кеңесте Панджшер провинциясындағы дала командирінің ұлы Ахмад Масудты да көргілері келетінін айтты. Ал президенттік лауазым немесе ел басқаратын жеке адамның қызметі болмайтын көрінеді.

Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.