Африка туристерді тау туризмімен қызықтырып жатыр

Жаһан жиһанкездері Африкаға ағыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, Лесото корольдігіне. Себебі дәл осы ел көпті тау туризмімен қызықтырып отыр. Яғни елге келген шетелдіктер жазда шаңғы теуіп, сноубордпен сырғанай алады. Бұрын қара құрлықта мұндай мүмкіндіктің барын білмеген туристердің таңданысында шек жоқ.

Айта кетейік, індетке байланысты былтыр Лесотоға келген саяхатшылар саны күрт азайып кеткен еді. Енді шектеу шараларының біртіндеп жеңілдеуіне байланысты туризм қайта жандана бастады.