Украинада белгісіз біреу бұрынғы президенттің бетіне дәрі шашып жіберді

Киевте белгісіз ер адам елдің бұрынғы президенті Петр Порошенкоға халық арасында зеленка деген атаумен кеңінен танымал сұйық дәріні шашып жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Украина тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту кезінде болды. Порошонко шаһардағы ескерткіштердің біріне гүлшоғын қойып жатқанда, бұзақы оған жақындап келіп жасыл дәріні шашып жіберген. Қаскөй ұсталды. Енді ол өз әрекеті үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Украина Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кеңінен атап өтіп, алғаш рет Киев қаласындағы Днепр өзенінде әскери шеру ұйымдастырылды. Ауқымды әскери шараға Владимир Зеленский және Украинаның бұрынғы басшылары Леонид Кучма, Виктор Ющенко, Петр Порошенко қатысты.