Ауғанстанда банктер бүгіннен бастап қайта ашылады

Бұл туралы Талибан қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид мәлімдеді.

Оның айтуынша, елдегі Орталық банк пен өзге де банктердің жұмыс істей бастауы үшін барлық алғышарттар жасалған. Осыған орай тәліптер қаржы институттарының бұрынғы қызметкерлерін жұмыс орындарына оралуға шақырды. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәліптер билікке келгелі экономикалық ахуал нашарлаған. Ұлттық валюта құнсызданып, азық-түлік бағасы шарықтап кеткен.

жергілікті тұрғын:

– Қазір халыққа қажетті тауарлардың жеткізілімі күрт азайып кетті. Баяғыда қоймалар ұнға толып тұрушы еді. Қазір доллар қыбматтап, азық-түлік тапшы бола бастады.

Ал тәліптер АҚШ билігінен ауған элитасын елден алып кетуді тоқтатуды талап етті. Талибан бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерге рақымшылық жасалғанын және олардың қауіпсіздігіне кепілдік береміз деп тыр. Осымен бірге тәліптер тұрғындардан шетелге доллар мен тарихи жәдігерлерді алып кетуге тыйым салды. Егер аталған заттар табылса, айыптылар қатаң жазаланатынын ескертіп отыр.

Забихулла Муджахид, Талибан қозғалысының ресми өкілі:

- Инженер, дәрігер сияқты осы жерде оқып білім алған мамандар елде қалуы тиіс. Бұл азаматтар өзімізге қажет. Оларды өзге елдерге жіберуге болмайды.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.