Колумбияда көмір кеніндегі жарылыстан 12 адам қаза тапты

Колумбиядағы көмір кенінің бірінде жарылыс болып, 12 кенші қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Топага қаласы маңындағы шахтада болды. Алдын ала ақпарға қарағанда апат кендегі метан газы мен көмір тозаңының жарылуынан болған. Салдарынан 500 метр тереңдіктегі адамдар басылып қалған. Қазір апат орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.