Литва Еуроодақ аумағына заңсыз мигранттардың ағылуына байланысты Беларуське қарсы санкцияны күшейтуді сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған орай Вильнюс Брюссельге осы елдің кей тұлғалары мен компаниялары енгізілген жаңа тізім жіберді. Литва бұл адамдар мен бірлестіктер Азия мен Африкадан босқан келімсектерді одақ аумағына әдейі бағыттады дейді.
Айта кетейік, соңғы уақытта Литва, Польша және Латвия арқылы Еуроодаққа ағылған мигранттар қарасы артқан. Брюссель бұл президент Александр Лукашенконың еуропалық санкцияға байланысты мигранттарды бақылауды тоқтатуынан деп отыр.