Ауғанстандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері және Украина азаматтарын Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі эвакуациялайды деп хабарлайды «Хабар 24».
Мәліметке қарағанда, бұл мемлекеттің әскери-көлік авиациясының ұшақтары 500-ден аса адамды көшірмек. Жалпы, Кабулға әскери дәрігерлермен 4 ұшақ аттандырылады. Қазір олар Ульянвск әуежайында сапарға дайындалып жатыр.
* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.